БҰҰ Бас хатшысы Чехияда жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун екі күндік сапармен Чехияға келді.
Чехия ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пан Ги Мун Прагада бейсенбі күні осы елдің сыртқы істер министрі Лубоми Заоралекпен, ал жұмада Чехия президенті Милош Земанмен кездеседі.
Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы жұма күні депутаттар Палатасында, Карлов университетінде болмақ. Сапар барысында ол Чехия премьер-министрі Богуслав Соботкомен жүздеседі деп күтілуде.