БҰҰ Бас хатшысы COVID-19 вакцинасын салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бейсенбі күні коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны егілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат хатшының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы COVID-19 вакцинасын салдырды

«Мен COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын алғаныма қуаныштымын және бақыттымын», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Бас хатшы коронавирус вакцинасын «бүкіл жерде баршаға қолжетімді етуге» шақырды, өйткені ол «пандемия кезінде барлығымыз ортақ қауіпсіздік жағдайында болмай әрбір адам өзін қауіпсіз сезіне алмайды» деп атап өтті.

Алайда Гутерриш қандай препарат қолданғанын айтпады.