Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҰҰ Бас хатшысы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің бірінші кеңесіне қатысушыларды құттықтады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің бейнеүндеуінде Мәскеудегі Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің бірінші кеңесіне қатысушыларды құттықтап, БҰҰ жалпыға ортақ мақсаттардың, бейбітшілік, даму, адам құқықтарының игілігі үшін жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

БҰҰ Бас хатшысы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің бірінші кеңесіне қатысушыларды құттықтады

«Жиынға келгендердің барлығын осынау маңызды оқиғамен құттықтаймын! БҰҰ мен бүкіл әлем бойынша парламенттердің ынтымақтастық тарихының ұзақ болуын тілеймін. Сіздердің тобыңыз екі құрлықты қамтитын алып аймақ. Біздің ортақ мақсаттарымызға, жалпыға ортақ өркендеу, тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін қауіп-қатерлермен жолығып жатасыздар. Солардың қатарында құрлықтағы немесе теңіздегі аумақтық даулар, саяси және қоғамдық шиеленісушілік, сонымен қатар трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен терроризм сияқты төніп тұрған қауіптер бар. Дегенмен Еуразия экономикалық қуаттың өсімімен мақтана алады.

Тауарлар мен қызметтердің, инвестициялардың, білікті жұмыс күші мен капиталдың еркін айналымын қамтитын аймақтық экономикалық интеграцияның нығаятынына сенемін. Ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Еуразияның талаптарын, соның ішінде Корея Республикасының еуразиялық бастамасын, Солтүстік-Шығыс Азиядағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайту бойынша бастаманы қолдаймын. Парламент мүшелеріне маңызды міндет жүктеліп отыр. Бұл мәмілеге келуге, диалогқа ықпалдасу, көпке созылған қақтығыстарды тарқату және жаңа соғыстардың алдын алу. Халық өкілдері ретінде сіздердің борыштарыңыз келіссөздер барысында олардың дауыстарын ескеру. Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпыға ортақ мақсаттардың, бейбітшілік, даму, адам құқықтарының игілігі үшін жұмыс істеуге дайын», - делінген хабарлама мәтінінде.