БҰҰ Бас хатшысы Ирактағы жағдай жақсарып келеді деп санайды

НЬЮ-ЙОРК. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат – Ирактағы қауіпсіздік саласындағы жағдай анағұрлым жақсарды, деп санайды БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ   Бас хатшысы  Ирактағы  жағдай  жақсарып  келеді  деп  санайды
Дегенмен азаматтық тұлғаларға шабуыл жасау, өлім жазасын қолдану фактілерінің әлі де кездесіп отырғанын, бірқатар өңірлерде қақтығыс жағдайлардың орын алатынын атап көрсеткен Пан Ги Мун, АҚШ әскері ел аумағынан кеткен соң, Ирактың үкіметтік күштері елдегі жағдайды бақылауға қабілетті, деп санайтынын айтып өтті.Дегенмен БҰҰ Бас хатшысы, бейбіт халықтың арасындағы кісі өлімінің тым көптігіне алаңдаушылық білдірді. Жылдың басынан бері Иракта қаза тапқандардың саны 750 адамнан асып отыр.