БҰҰ Бас хатшысы Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесті
АСТАНА. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Нью-Йоркте Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесуі кезінде уранды байытудағы Иранның бағдарламасына алаңдатушылық танытатынын білдірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Пан Ги Мун Иранды Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарын орындауға және Ядролық энергетика жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастыққа шақырды.