БҰҰ Бас хатшысы израильдықтар мен палестиналықтарды бітімдестіруге аттанады

НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Израиль мен палестиналық ХАМАС тобын қарулы қақтығысты тоқтатуға үндеп, Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізілімін қамтамасыз ету қажеттілігін айтпақ ниетпен Таяу Шығысқа аттанады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Пан Ги Мун жанжалдасушы қос тараптың БҰҰ қарарына назар аудармай келгеніне түңіліп отырғанын айтуда. БҰҰ Бас хатшысы сәрсенбі күні Мысыр мен Иорданияда болмақ. Одан кейін ол Израиль, Түркия, Ливан, Сирия, Куәйт елдеріне ат басын тірегелі және Газа секторындағы ахуал талқылануы ықтимал Араб елдері лигасының саммитіне қатысқалы отыр. Пан Ги Мун АҚШ-қа қаңтардың 20-сында, президент Барак Обаманың инаугурация рәсіміне қатысу үшін, оралады. БҰҰ Бас хатшысы Обаманы Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге үлкен назар аударуға шақырғалы отыр.
Соңғы жаңалықтар