БҰҰ Бас хатшысы: Қауіпсіздік Кеңесін реформалаудың уақыты келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қауіпсіздік Кеңесін реформалаудың уақыты келді деп санайды, деп хабарлады РИА Новости.

БҰҰ Бас хатшысы: Қауіпсіздік Кеңесін реформалаудың уақыты келді

"Қауіпсіздік Кеңесін реформалаудың - демократиялық және сайланып қою жағына қарай өзгерудің уақыты келді", - деді Бас хатшы брифингте. Ол БҰҰ құрылғаннан бастап Кеңес бір рет қана ауысқанын айтты

Пан Ги Мун атап өткендей, бірқатар елдерден реформалау бойынша түрлі ұсыныстар түсті. Алайда елдердің пікірі бір жерден шықпады.

Белгілі бастамалардың бірі Франция мен Мексиканың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің  вето құқығын пайдалануын шектеу туралы ұсынысы. 80-ге жуық ел БҰҰ ҚК  вето құқығын шектеуді қолдайды.

БҰҰ ҚК адамзатқа қарсы жасалған қылмыстардың, әскери қылмыстардың және геноцид белгілері бар жағдайларды қарастырғанда,  БҰҰ ҚК тұрақты мүшелері «бестігінің» (Ресей, АҚШ, ҚХР, Франция, Ұлыбритания) вето құқығын пайдалануы шектеледі.

БҰҰ жанындағы ресейлік тұрақты өкіл Виталий Чуркин осыған дейін атап өткендей, Мәскеу Қауіпсіздік Кеңесінің қазіргі тұрақты мүшелерінің  құқықтарына қысым жасайтын кез келген идеяларға, оның ішіндегі  вето институтындағы өзгерістерге қарсы.