БҰҰ Бас хатшысы: митингке шыққандар мен украиндық билік өзара келісімге келуі керек
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун митингке шыққандар мен украиндық биліктің сабырлық танытып, зорлықтың күшеюіне жол бермей, Украинаның болашағы үшін келісімге келуін талап етті.
Бас хатшының кеңсесінен хабарлағандай, «ол республикадағы ахуалды қадағалауда, оған алаңдаулы».
Пан Ги Мун «наразылық білдіргендердің барлығынан өзара келісімге келуін талап етті», - деп хабарланды БҰҰ әкімшілік басшысының кеңсесінен.
Киевте оппозицияның құқық қорғау органдарымен қақтығысуы жалғасуда, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.