БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ядролық қарусыздануға шақырды

АСТАНА. Қыркүйектің  10-ы.  ҚазАқпарат  - БҰҰ Бас хатшысы Пан  Ги Мун   ядролық қару-жарақты жоюға  шақырды.  БҰҰ басшысы  Мексикада    үкіметтік емес ұйымдардың  62-ші  халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде осындай  үндеу  жасады, 
None
None

 деп хабарлайды  РСН   агенттігі.

Оның айтуынша,   бүгінде әлемде   кез-келген уақытта  және кез-келген  төтенше    оқиғаның   салдарынан    жарылып  кетуі  ықтимал 20 мыңға жуық ядролық  оқтұмсық   жиналып қалған. Оған қоса,  ядролық қарудың  өндірісі  адам  денсаулығына  және  қоршаған ортаға     зиян  келтіреді.   Дегенмен, Пан Ги Мунның айтуынша,  ең үлкен қатер сол,  ол қарулар   лаңкестердің  қолдарына түсіп  қалуы мүмкін.   Сондықтан да  әлемнің  барлық елдері  бірігіп,  ядролық қару-жарақсыз    әлем  құруға     күш-жігерін  салуы  тиіс.

Соңғы жаңалықтар