БҰҰ Бас хатшысы Сирияға қару жеткізуді доғаруға шақырды

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - «БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун сириялық жанжалға жол берген екі тарапты қарумен қамтамасыз етіп отырған елдерден бұл әрекеттерін тоқтатуды талап етті.
None
None

Қару неғұрлым көп болған сайын кісі өлімі мен өзге де шығындар артады», - деді бүкіләлемдік ұйымның өкілі Мартин Несирки, деп жазады muslim.kz.

Оның айтуынша, Пан Ги Мун Араб елдері лигасының бас хатшысы Нәбіл әл-Арабимен және катарлық премьер-министр шейх Хамад бен Жасем әл-Танимен кездесіп, осы елді дағдарыстан алып шығу, ондағы зорлық-зомбылықты тоқтату жолдарын және барлық адамның құқығы қорғалатын жаңа кезеңге өтудің саяси мүмкіндіктерін талқылаған. Әл-Арабидің сөзіне қарағанда, бұл әзірге «мүмкін емес».

Сириядағы билік пен оппозиция арасындағы қарулы қақтығысқа ұласқан жанжал 2011 жылдың наурыз айынан бері жалғасып келеді. БҰҰ мәліметіне қарағанда, осы аралықта 70 мыңдай адам опат болған, соның ішінде бейбіт тұрғындардың қарасы көп. Сириялық биліктің мәлімдеуінше, үкімет әскері қапысыз дайындалған әрі бастан-аяқ қаруланған жергілікті содырлармен және шетелдік жалдамалылармен ұрыс жүргізіп жатыр. Батыс елдері Сирия президенті Башар Асадтан орнынан кетуді талап етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар