09:43, 09 Шілде 2013 | GMT +5
БҰҰ Бас хатшысы Сирияны Рамазан кезінде бітімгершілікке шақырды
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун бүгін басталған мұсылмандар үшін қасиетті ай Рамазан кезінде Сирияның билігі мен қарулы оппозициясына жауынгерлік әрекеттерді тоқтатуды ұсынды.
«Мен қолында қаруы бар әр адамды ұрыстарды тоқтатып, бейбітшіліктің бұл айын өз халқына сый ретінде тарту етуге шақырамын», - делінген Пан Ги Мунның мәлімдемесінде.
БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ тараптарды әскери тұтқындарға жатпайтын тұлғаларды босатуға үндеді.