БҰҰ Бас хатшысы Солтүстік Кореяның американдық журналистерін босатқанына ризашылығын білдірді

НЬЮ-ЙОРК. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -   Құрама  Штаттардың   экс-президенті Билл  Клинтон  Пхеньянға  жасаған  сапары  барысында   Солтүстік Корея үкіметі   12 жылға соттаған   американдық  екі  журналисті    босатуға   қол жеткізді,

БҰҰ   Бас хатшысы     Солтүстік Кореяның  американдық    журналистерін босатқанына   ризашылығын  білдірді

деп  хабарлайды  ҚазАқпарат.

Екі  журналистің      ел шекарасын   заңсыз  кесіп өткені  үшін сотталғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

«Current TV» (Сан-Франциско) телекомпаниясының    репортерлары   Юн  Ли  мен Лора Лиин  мінген     ұшақ сәрсенбі күні  таңертең  Калифорния  штатындағы  Бурбанк қаласының әуежайына  қонды.   Қамауда 140 күн  отырған  журналистер    Билл Клинтонның   Ким Чен Ирмен болған   келіссөзінен кейін  босатылды.

БҰҰ Бас хатшысы   Пан Ги Мун  солтүстіккорей   өкіметінің  шешіміне   ризашылығын   білдіріп,      АҚШ экс-президентін   табысты гуманитарлық  миссиясымен   құттықтады.