БҰҰ Бас хатшысы: Тегранның уранды байыту жөніндегі 10 орталық салу ниеті алаңдаушылық туғызуда
«Мен қалыптасқан жағдайға, иран өкіметінің уранды байыту жөніндегі жаңа орталық салу ниетін жариялау фактіне қатты алаңдап отырмын. Келіссөздердің, әсіресе Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция «алтылығы» форматындағы келіссөздің жалғасатынына үміттімін», деп мәлім етті Пан Ги Мун "Франс энтернасьональ" радиосының тікелей эфирінде.
БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ, аталмыш келіссөздердің Тегранға қатысты кезекті санкциялар енгізуге негіз болатынына сенім білдірді.
Пан Ги Мун сондай-ақ, Иран басшылығын «иран досьесіне» қатысты БҰҰ қабылдаған қарарларды «толыққанды сақтауға» және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) жан-жақты ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды.