БҰҰ Бас хатшысынан сұраңыз

ТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін сіздер әлеуметтік желілерде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен тікелей әңгімелесе аласыз.

БҰҰ Бас хатшысынан сұраңыз

Сізде халықаралық проблемалар бойынша өзіңізді толғандырып жүрген мәселе бойынша тікелей БҰҰ басшысынан жауап алу мүмкіндігі бар, деп хабарлады UN DPI Kazakhstan.

"2011 жылғы 13 қыркүйекте, сейсенбі күні нью-йорк уақытымен сағат 11-ден 12-ге дейін (АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты) сіз Бас хатшымен тікелей желіде Facebook, Twitter, Weibo, Livestream сайттары және БҰҰ Интернет-тарату арнасы арқылы хабарласа аласыз", - деп атап өтілген хабарламада. Тілек білдірген әр адам Пан Ги Мунға Ұйымға және оның жұмысына қатысты сұрақтар қоя алады.

Әңгімеге қатысқыңыз келсе, Facebook-те шара парағына тіркеліңіз. Сіз БҰҰ басшысына #asktheSG-ті пайдаланып, Twitter арқылы ағылшын, француз, араб, қытай, орыс, испан, португал немесе суахили тілінде тікелей эфир арқылы алдын ала сұрақ беруіңізге болады. Сұхбаттың тікелей таратылуын Facebook, Weibo, Livestream немесе БҰҰ Интернет-тарату арнасын пайдалану арқылы көріңіздер.