БҰҰ басқармасы Есірткінің заңсыз айналымымен күрес орталығын қаржыландыруды алдағы уақытта та жалғастыра береді

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы ( UNODC) Есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпаратық үйлестіру орталығын қаржыландыруды алдағы уақытта та жалғастыра береді.
None
None
Оны UNODC-тың атқарушы директоры Антонио Мариа Коста бүгін Алматыда өтіп жатқан психотропты заттар мен олардың прекурсорлары және есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес бойынша Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығына қатысушы мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің бірінші отырысына жолдаған құтықтау хатында мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры, Есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы кеңесінің мүшесі Антонио Мариа Костаның бұл хатын Есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы жобасының аға үйлестірушісі Тофик Маршудли оқып берді. Австрияның Вена қаласынан жолданған бұл құттықтауында Антонио Мариа Коста Орталық Азияда есірткінің заңсыз айналымымен күресте бұл басқосу шын мәніндегі айтарлықтай үлкен оқиға деп бағалайтынын жеткізген. Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің бұл отырысының нәтижелі болатынына зор сенім артқан ол аймақтық орталықты құру туралы келісім алғаш рет 2002 жылы Ашгабадта жасалғанын да еске түсіріп өткен. Біршама ұзақ және күрделі жолды басып өтіп бұл жобаның ресми түрде дүниеге келуіне өзінің бастамашы болғанын мақтан тұтатынын және UNODC тарапынан қаржыландыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса беретінін мәлімдеген. Тофик Маршудлидің пайымдауынша, Есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы қазір бюджетінің көлемі мен маңызы жағынан UNODC-тың әлемдегі ең ірі жобасы болып отыр. Оның қаржыландырушылары - Ұлыбритания, Италия, Канада, Люксембург, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция және Чехия. Орталықтың 2011 жылдың желтоқсанына дейінгі жалпы бюджетінің көлемі 15,4 миллион долларды құрап отыр. Қазіргі таңда Есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығына әлемнің өзге елдері де зор қызығушылық танытып отыр. Мәселен, Парсы жағалауы елдері де аймақтық орталық құрудың жобасын жасауда.
Соңғы жаңалықтар