БҰҰ басшысына Сириядағы химиялық қару бойынша баяндама тапсырылды
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун сарапшылардан Сириядағы химиялық қару бойынша баяндаманы алды және оны БҰҰ ҚК алдында бүгін,
дүйсенбі күні таңертең таныстырады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.
«Сирия араб республикасында химиялық қарудың қолданылғаны туралы тексеру жұмыстары Бас хатшыға тапсырылды»,- деп жазылған хабарламада. Дүйсенбі, 16 қыркүйек күні таңертең Пан Ги Мун БҰҰ ҚК-ін жабық консультациялар барысы жайлы баяндамамен хабардар етеді».