07:59, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
БҰҰ Беназир Бхуттоның қаза болу жағдайына тәуелсіз тексеру жүргізбек
НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун жақын арада Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхуттоның қаза болу жағдайына тәуелсіз тексеру ұйымдастырылатынын мәлім етті.

Ол бұл мәлімдемені марқұмның күйеуі Пәкістан Президенті Әли Әсиф Зардаримен болған кездесуден кейін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ассошиэйтед пресс» агенттіне сілтеме жасап.