БҰҰ бітімгері Малиде өз әріптестеріне оқ жаудырып, екі адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ бітімгері Малиде тұрақтылықты қалыптастыру жөніндегі БҰҰ-ның халықаралық миссиялар лагерінде (MINUSMA) өз әріптестеріне оқ жаудырды, деп хабарлайды РИА Новости.

БҰҰ бітімгері Малиде өз әріптестеріне оқ жаудырып, екі адам ажал құшты

Оқиға 12 наурыз күні 19.00 шамасында Малидің солтүстік-шығысындағы Кидаль қаласы маңында болған, салдарынан екі адам ажал құшып, біреуі жеңіл жарақат алған.

MINUSMA сайтындағы мәліметке сүйенсек, күдікті қолға түскен. Лагерьдің қауіпсіздік қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Қазіргі сәтте оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр.