Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҰҰ Даму бағдарламасы Тәжікстанның дамуына 84 млн доллар бөледі

АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Тәжікстан үшін 2027-2030 жылдарға арналған жаңа елдік бағдарламаны әзірледі. 

ПРООН направит $84 млн на развитие Таджикистана
Фото: Ховар

Оның бюджеті шамамен 84,07 млн долларды құрайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі меншікті тілшісі.

Құжат БҰҰ ДБ, БҰҰ Халықты қоныстандыру қоры және БҰҰ Жобаларға қызмет көрсету бағдарламасы Атқарушы кеңесіне ұсынылды, оның отырысы 24-27 тамыз аралығында Нью-Йоркте өтеді. Негізгі бағыттар – жұмыс орындарын құру, бизнесті қолдау, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жасанды интеллект, климат және экология.

Жаңа бағдарлама ресурстарының негізгі бөлігі — 35,84 млн доллар климаттық және қоршаған ортаны қорғау жобаларына бөлінеді.

БҰҰ ДБ бағалауы бойынша, Тәжікстан мұздықтары соңғы ғасырда өз көлемінің шамамен 30%-ын жоғалтты және 2070 жылға қарай тағы 15-20%-ға қысқаруы мүмкін. Климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне байланысты Тәжікстанның ЖІӨ-сін 2050 жылға қарай 5-6%-ға азайтуы мүмкін.

Жаңа бағдарламаның басымдықтарына сондай-ақ жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлікті қолдау жатады.

БҰҰ ДБ мәліметінше, жыл сайын шамамен 600 мың тәжік азаматы жұмыс іздеп шетелге кетеді, ал ақша аударымдары Тәжікстан ЖІӨ-нің шамамен 45%-ын құрайды. БҰҰ ДБ экономикалық әртараптандыруды ілгерілету, шағын және орта бизнесті дамыту, 4700 адамды сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және жаңа жұмыс орындарын құруды ұсынып отыр.

Тағы бір бағыт мемлекеттік басқару және цифрландыруға қатысты.

БҰҰ ДБ цифрлық қызметтер жобаларына қолдау көрсету, жасанды интеллект және деректермен жұмыс істеу технологияларын пайдалануды жоспарлап отыр. Тәжікстанның ЖИ енгізуге дайындық көрсеткіші бойынша позициясы 2030 жылға қарай 10 орынға, яғни 130-шы орыннан 120-шы орынға дейін жақсарту жоспарланған.

Осыған дейін БҰҰ Йеменде қауіпсіздік жағдайы нашарлағанын мәлімдеген болатын.