БҰҰ Даму бағдарламасы журналистердің арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздарын марапаттады

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін, 9 желтоқсан - Жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық күні.

БҰҰ Даму бағдарламасы журналистердің арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздарын марапаттады

Бұл күнді БҰҰ Даму бағдарламасы журналистердің арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздарын марапаттаумен атап өтті.

БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің көмекшісі Екатерина Паниклованың айтуынша, «Жемқорлықпен күрес - баршамыздың ортақ міндетіміз» тақырыбында өткен байқауға елдің 7 өңірінен журналистердің жұмыстары келіп түсті.

Олардың еңбегін Бас Прокуратура, Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, Есеп комитеті, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, «Нұр Отан» партиясы мен БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері енген қазылар алқасы бағалады.

Нәтижесінде қазақ тілді басылымдардан «Түркістан» және «Алаш айнасы» газеттерінің тілшілері, орыс тілді басылымдардың арасынан «Время» және «Мегаполис» газеттерінің тілшілері жеңіске жетті. Жеңімпаздар ақшалай сыйақылармен марапатталды.