БҰҰ ДБ-мен бірлесе іске қосылған энергия тиімді жобаларды бизнеске енгізу керек - «Жасыл» экономика коалицияcы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке «Жасыл» экономиканы және G-Global дамуын қолдаушы коалиция» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов мәлім етті.
None
None

«Бүгінде жасыл технологиялардың шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, қазіргі кезде Қазақстанда БҰҰ Даму бағдарламасы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Олардың іске асырып отырған жұмыстары аясында әлеуметтік нысандарда қанатқақты жобалар жүзеге асырылған болатын», - деді ол.

Белгілі болғандай, осы орайда Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар мектептерінде энергияда тиімді жарықтандыру жобалары іске асырылды.

«Осы жобаларды енді бизнеске енгізуіміз керек. Бұл тұрғыда жақында БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдерімен кездескен болатынбыз. Осыған орай біз қаладан 35 шақырым жерде Арнасай демоалаңын (Ақмола облысы) құруға келістік. Яғни, ол жерде барлық жасыл технологиялардың ең жақсылары мен үздіктері қамтылады», - деді А. Сүлейменов.

Айта кетейік, Коалицияға 2014 жылы Жаһандық Экологиялық қордың Кіші гранттар бағдарламасы «Сенім белгісін» тапсырып, жүзеге асырылған энергиялық тұрғыда тиімді, жасыл технологияларға негізделген жобалардың тәжірибесін таратуды нұсқады.

Соңғы жаңалықтар