БҰҰ: Эфиопияның батысында содырлар 100-ге тарта баланы ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопияның батысындағы елді мекеннен қарулы содырлар 100-ге тарта баланы ұрлап әкетті. Бұл туралы журналистерге дүниежүзілік ұйым бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик хабарлады.

БҰҰ: Эфиопияның батысында содырлар 100-ге тарта баланы ұрлап кетті

Ол БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) «Эфиопияның батысында 100-ге тарта баланың ұрлануын батыл айыптайды», деп атап көрсетті. Оның айтуынша, елді мекенге шабуылды Оңтүстік Суданнан мал ұрлаушылар жасаған сыңайлы. «Қуатталмаған хабарлар бойынша балалардың арасында өлтірілгендері және жараланғандары да бар»», деді бас хатшының өкілі.

Дюжарриктің хабарлауынша, БҰҰ қызметкерлері зардап шеккен қауымға көмек көрсетуге әзір, ал Эфиопия үкіметі ұрланған балаларды босатуға әрекеттенуде. «Балаларды кез келген себеппен және кез келген жағдайда ұрлау адам құқығын бұзу және жалпы адамгершілікке қатер» болып саналады, деп көрсетті ол және балаларды отбасыларына «тезірек және сөзсіз қайтаруға» шақырды, деп хабарлады ТАСС.