БҰҰ елдері Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған Зерде және бітістіру күндерін атап өтуде

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Халықаралық мейрамдар күнтізбесі бойынша 8-9 мамыр күндері Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған Зерде және бітістіру күндері болып табылады.
None
None

2004 жылғы 22 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы 8-інші және 9-ыншы мамырды Зерде және бітістіру күндері деп жариялады. Сондай-ақ, Ұйымға мүше-мемлекеттердің әрқайсысы өз жеңіс күнін, азат етілген күнін және мереке күнін белгілей алатынын атап өте отырып, барлық мүше-елдерге, БҰҰ жүйесіндегі үкіметтік емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға жыл сайын осы екі күннің біреуін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарының құрметіне атап өтуге шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар