БҰҰ «электрондық үкіметке» даярлық бойынша Қазақстанның рейтингін көтерді

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан «электрондық үкіметке» даярлық бойынша әлемде 46-шы орынды иеленді.

БҰҰ «электрондық үкіметке» даярлық бойынша Қазақстанның рейтингін көтерді

Біріккен Ұлттар Ұйымы әзірлеген «электрондық үкіметке» жаһандық даярлық бойынша жыл сайынғы рейтингіге сай, Қазақстан соңғы жылдары әлемдік рейтингіде 81-інші орыннан 46-шы орынға көтеріліп, ілгерілеуді үздіксіз көрсетіп келеді. Қазақстан Ресейді(59-ыншы орын), Беларусті (64-інші орын) және Украинаны (54-інші орын) артта қалдырды. Елде «е-үкімет» қызметтеріне заңды және жеке тұлғалардың ішінде 70 мыңға жуық пайдаланушылар тіркелген.