БҰҰ: Газа секторындағы ғимараттардың 90 пайыздан астамы қираған

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) Израильдің қарқынды шабуылдарынан Газа секторындағы ғимараттардың 90 пайыздан астамының қирағанын хабарлады. Ұйым Газадағы жағдай туралы X әлеуметтік желіде хабарлама жариялады, деп жазады Анадолы.

БҰҰ: Газа секторындағы ғимараттардың 90 пайыздан астамы қираған
Фото: Анадолы

– Көптеген отбасы қауіпсіз жер болмағандықтан ашық қираған жерлерді паналап отыр. ХКҰ баспана мәселесінде көмек көрсетуге дайын, сондықтан шұғыл түрде Газаға жол ашылуы керек, – деп жазады ұйым.

Израиль армиясы 19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату келісімі аяқталғаннан кейін 18 наурыз күні таңертең Газа секторына шабуылдарын қайта жандандырды.

Содан бері 1890 палестиналық қаза тапқан, көбі қарттар, әйелдер мен балалар, 4950 адам жараланған.

Айта кетейік, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 51 266-ға, жараланғандар саны 116 991-ге жетті.

 

Соңғы жаңалықтар