БҰҰ Газа секторындағы соғысты дереу тоқтату туралы қарар қабылдады

НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясы жұма күні өткен шұғыл мәжілісте Қауіпсіздік кеңесінің шешімін қолдап қолдап, Газа секторындағы соғысты дереу тоқтату туралы талап қойылған қарарды қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Қауіпсіздік кеңесінің бұған дейінгі шешімін не Израиль тарабы, не ХАМАС қозғалысы да орындамай отырғанын айта кету керек. БҰҰ Хатшылығы жария еткен ресми мәліметтер бойынша, жоғарыдағы қарарды 142 мемлекет қолдаған, 4 мемлекет - қарсы дауыс берсе, 8-і - қалыс қалған. Қарар мәтіні бойынша өткен пленарлық отырыста араб елдері мен Израильге қойылатын талаптарды жұмсартуды талап еткен Еуроодақ мемлекеттерінің арасында ұзаққа созылған жабық консультация мен он сағаттық талас-тартыс болды.
Соңғы жаңалықтар