БҰҰ Халықаралық соты Оңтүстік Африканың Израильге қарсы талабы бойынша тыңдау өткізеді

Бүгін Халықаралық қылмыстық сотта Израильдің әрекеттерін Палестина халқына геноцид деп тану туралы Оңтүстік Африка Республикасының Израильге қарсы шағымын қарау басталады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

 БҰҰ Халықаралық соты
Фото: report.az

11-12 қаңтарда БҰҰ-ның Гаагадағы Халықаралық сотында Оңтүстік Африка Республикасының шағымы бойынша тыңдаулар өтеді. Бұл туралы сот құжатында айтылған.

Желтоқсан айының соңында ОАР Газа секторындағы жағдайға байланысты Гаагадағы Халықаралық сотқа геноцид конвенциясы бойынша Израильге қарсы қуыным беріп, сотты Израильге қарсы уақытша шаралар қабылдауға шақырды.

Израиль ОАР айыптауларын жоққа шығарып, оның талаптарында нақты және заңды негіз жоқ деп мәлімдеді.

Еске сала кетсек, қараша айының басында ОАР үкіметі Израиль армиясының Газа секторында жалғасып жатқан әскери операциясына байланысты кеңес жүргізу үшін Израильден дипломаттарын шақырып алу туралы шешімін жариялаған.

Қарашада Израиль СІМ өкілі Лиор Хайят Израильдің ОАР-дағы Елшісін кеңесу үшін кері шақырып алғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар