БҰҰ инспекторлары Дамаск маңында химиялық шабуыл болғанын растады

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - БҰҰ инспекторлары дүйсенбі күні Сириядағы қақтығыс кезінде химиялық қару қолданылды ма деген сұраққа нүкте қойды,

БҰҰ инспекторлары Дамаск маңында химиялық шабуыл болғанын растады

деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Қауіпсіздік Кеңесі бүкіләлемдік ұйымының жабық таныстырылымынан кейін жарияланған баяндамада 21 тамыз күні Дамаск маңындағы Гутеде улағыш заттар қолданылғаны бірауыздан бекітілді.

Құжат 26 тамыздан бері Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының 10 сарапшысы мен швед ғалымы Оке Сельстрем бастаған Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеудің қорытынды нәтижесін көрсетті.