БҰҰ инспекторлары Ирандағы уран байытуға арналған зауытта болды
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Құрамына төрт адам кірген БҰҰ инспекторларының тобы қазанның 25-інде Иранның Құм қаласының маңындағы уранды байыту жөніндегі жерасты зауытына алғашқы танысу сапарын жасады.
Бұл туралы ВВС радиокомпаниясы хабарлады.
Қонақүйге қайтқан соң да, инспекторлар қандай да бір комментарий беруге асықпаған.
Дүйсенбі немесе сейсенбі күні БҰҰ инспекторлары аталған нысанда тағы бір болуы мүмкін. Бұл зауыт туралы Тегран ағымдағы жылы қыркүйектің 21-інде жария еткен болатын. Зауыт 1980-1988 жылдары иран-ирак соғысы кезінде ауыр зардап шеккен Иранның Фордо атты елді-мекенінің атымен аталады.