БҰҰ Иракта сайлауды ақпанның 27-сінде өткізуді ұсынуда

АСТАНА.   Желтоқсанның  3-і. ҚазАқпарат -  БҰҰ  Ирак  өкіметін   жалпыхалықтың  сайлау  өтетін  нақты күнді белгілеуге    шақырды  және    сайлауды  2010 жылы ақпанның 27-сінде  өткізу туралы  өз  ұсынысын   жасады. 
None
None

ҚазАқпарат бұл туралы  «Азаттық»  радиосына сілтеме  жасап хабарлайды.

 БҰҰ мәлімдемесінде,  Ирактағы  саяси ахуалды  тұрақтандыру     үшін  сайлау өткізудің  қажеттілігі атап  көрсетіледі.    Дегенмен,    ел Конституциясына сәйкес дауыс беру  қаңтар  айында өтуі керек  болатын,   бірақ  сайлау   заңнамасына  қатысты  келіспеушіліктерге     байланысты    сайлаудың  өз мерзімінде өтуі екіталай   болып  отыр.

 Сайлау  өтетін  күннің  ауыстырылуы     келер жылдың  тамыз  айына  қарай барлық  жауынгерлерлік бөлімшелерін Ирактан шығара  бастау   туралы  АҚШ-тың  жоспарына    кедергі келтіруі    мүмкін, дейді сарапшылар.

Соңғы жаңалықтар