БҰҰ Израиль әскери қылмыс жасады деп күдіктенуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Нави Пиллай Израиль армиясының Газа секторындағы содырларға қарсы ауқымды операция жүргізу арқылы соңғы 2 апта ішінде әскери қылмыс жасағандығын жоққа шығармайды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

БҰҰ Израиль әскери қылмыс жасады деп күдіктенуде

Пиллайдың сөзіне қарағанда, БҰҰ сарапшылары Израильдің бейбіт халықты қорғау үшін Газа секторына шабуылдау шараларын қабылдағандығына күдік келтіруде. «Өткен аптада Газадағы жағажайда 7 баланың өлімі израильдік әскерилердің кінәсін қуаттайтын айғақ болуы мүмкін», - деді ол.

Бұған қоса, ол ХАМАС тарабының бейбіт израильдіктердің ажалына себепкер болған зымыран соққысын айыптап отыр.

Ал Израильдің БҰҰ жанындағы өкілі жоғары комиссардың бұл сөзін «жете ойластырылмаған мәлімдеме» деп бағалауда. Оның сөзіне қарағанда, Израиль өз аумағын қорғау мақсатында әрекет жасауда.