БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстанда жаңа үкімет құруға шақырды

НЬЮ ЙОРК. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы оқиғаға байланысты жабық есік жағдайында өткен шұғыл мәжілістен кейін Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері БАҚ үшін мәлімдеме жасады. Онда Ауғанстандағы қақтығыстар мен зорлық -зомбылықты тез арада тоқтату, конституциялық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру, ұлттық татуласуға қол жеткізу және келіссөздер арқылы шұғыл жаңа үкіметті құруға шақырған. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ мен оның гуманитарлық серіктестеріне мұқтаж адамдарға көмек көрсету мүмкіндігін беру, сондай-ақ гуманитарлық қызметкерлердің, дәрігерлер мен аудармашылардың қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігін мәлімдеді. Халықаралық гуманитарлық құқықты бұзғандар жауап беруі тиіс.

Сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ауғанстан аумағын басқа елдерге қауіп төндіретін лаңкестердің алаңы ретінде пайдалануға болмайтындығын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар