БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Бағдадтағы лаңкестік әрекеттерді үзілді-кесілді айыптады
АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі кеше Ирак астанасында 75 адамның өмірін қиған және 300-ден астам адам жараланған лаңкестік әрекеттерді үзілді-кесілді айыптады.
Ең қуатты жарылыстар Ирактың сыртқы істер және қаржы министрліктері ғимараттарының жанында болған. Екі оқиғада да мина қойылған автокөліктер жарылған.
Елдің Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, Бағдадта бірінен кейін бірі алты жарылыс болған. Алғашқы екеуі «жасыл аумақта», министрлік ғимараттарының жанында, қалған төртеуі парламент пен әкімшілік ғимараттардың жанында жасалған. Оған қоса, кейбір орамдар миномет шабуылына ұшыраған. Бағдадтың инфрақұрылымына үлкен шығын келіп отыр.