БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бітімгерлер үшін арнайы медаль тағайындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ерекше ерлігімен көзге түскен ұйым бітімгерлері үшін Мбайе Дианенің атындағы медаль тағайындады.
1994 жылы Руандадағы геноцид кезінде ол осы елде БҰҰ миссиясында қызмет етіп, бірнеше жүздеген адамның өмірін аман алып қалу жолында жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсеткен.
Награданы тағайындау рәсімінде медаль дизайны әзірге айқындалмағаны айтылды. Қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша бұл жұмысты алты айдың ішінде Бас хатшылық іске асырмақ.