БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ливияның үстінде ұшуға тыйым салынатын аумақ құруды мақұлдады
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі, оппозиция басып алған қалаларды бомбылауға жол бермеу және бейбіт халықты аман алып қалу үшін,
Ливияның үстінде ұшуға тыйым салынған аумақ құруды мақұлдады, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Қабылданған қарарда Ливия авиациясы үшін елдің әуе кеңістігін жабу, жерүсті күштерінің қатысуынсыз әскери операциялау жасау және Муамар Каддафимен байланысы бар елдің орталық банкі мен Ливияның ұлттық мұнай компанияларының есепшоттарын жабу мүмкіндіктері қарастырылған.
Қарардың авторлары - Ливан, Ұлыбритания, Франция және АҚШ. Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің 10-ы қарарды қолдап дауыс берсе, бес ел қалыс қалды, олардың қатарында Ресей, Қытай, Германия бар.