БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сирия бойынша қарардан бас тартты

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сириядағы химиялық қаруды қарар күйінде емес, жоспар түрінде жою шешімін қабылдайды,
None
None

деп мәлімдеді халықаралық ұйымның дипломаттары. Олар Қауіпсіздік кеңесінің ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мунның сириялық химиялық қаруды жою туралы жоспарымен келіскенін хабарлады. БҰҰ жанындағы Франция елшісі Жерар Аро мен Ресей өкілі Виталий Чуркин жабық кеңестен кейін 15 мүшенің қарарды қабылдамау туралы шешім шығарып, Пан Ги Мунның жоспарын бекітуді дұрыс деп тапқанын хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысының 11 парақтық жолдауы өткен айда қауіпсіздік кеңесінің сириялық химиялық қарудың халықаралық бақылауға тапсырылып, кейіннен жою туралы қабылданған шешіміне жауап болды.

Соңғы жаңалықтар