БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның ядролық сынағын айыптады

НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Корея Халық Демократиялық Республикасының ядролық сынағын айыптап, Пхеньяннан Қауіпсіздік кеңесінің ядролық саладағы әрекетті тоқтатуды міндеттеген қарарын орындауды талап етті.
None
None
Бұл туралы Ресейдің БҰҰ жанындағы өкілі Виталий Чуркин Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл шақырылған кеңесінен кейін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Ал "Ренхап" агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Кореяның өкіметі екінші сынаққа әзірленіп жатқан көрінеді. Бұл туралы хабарлаған оңтүстіккорейлік дереккөздің айтуынша, Солтүстік Корея кемелерге батыс бағытқа қарай теңізге шығуға тыйым салып, бүгін немесе ертең бұл бағытта кемелерге қарсы қанатты зымырандардың ұшырылуы мүмкін екенін хабарлаған. Солтүстік Кореяның кеше таңертең ядролық сынақ өткізгенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Корея өзінің алғашқы ядролық сынағын 2006 жылы қазанның 9-ында жасаған болатын. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өзінің N1718 қарарында, Солтүстік Кореядан ешқандай ядролық сынақ жасамауды және баллистикалық зымыран ұшырмауды талап еткен болатын. Бірақ Пхеньян бұл талапты бұзып, ағымдағы жылдың сәуір айының басында жерсерік ұшырды. Одан кейін ядролық қару-жарақты жою жөніндегі алтыжақты келіссөзден шығатынын мәлім етті. Батыс сарапшылары Пхеньянның бұл әрекетін жаңа ядролық сынаққа әзірлік деп пайымдаған болатын.
Соңғы жаңалықтар
Референдум