БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі зымыран ұшырған ҚХДР-ды айыптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 6 наурыз күні ҚХДР-дің ұшырған зымыраны үшін айыптаған мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы Reuters Қауіпсіздік кеңесіне сілтеме жасап хабаралайды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі зымыран ұшырған ҚХДР-ды айыптады

БҰҰ ҚК мүшелерінің мәлімдемесінде Пхеньян саясатының шектен шыққаны айтылады. Қауіпсіздік кеңесі атап өткендей, «ҚХДР-дің осындай әрекеті ядролық қаруларды жеткізу құралдарының жүйесін дамытуға бағытталып, өңірдегі шиеленісті және өңірлік қарулар жарысының өршу қаупін арттырады». Бұған қоса, шағымда Қауіпсіздік кеңесі зымыран ұшыруға байланысты «қосымша салиқалы шаралар» қабылдауы мүмкін.

ҚХДР 6 наурыз күні төрт баллистикалық зымыран ұшырды. Олар  мың шақырымға дейін ұшып жетіп, теңізге құлаған. Оның үшеуі Жапонияның экономикалық аймағының маңына түсті. ҚХДР-дың ресми жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, ұшырылымның басты мақсаты - Жапониядағы АҚШ-тың әскери базасына шабуылды пысықтау болған.

Пхеньянның осындай іс-әрекетіне АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея алаңдаушылық танытуда.