БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жаңа үш мемлекет қабылданды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Пәкістан, Марокко және Гватемала 2012 жылдың қаңтарынан 2013 жылға дейінгі кезеңге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің уақытша мүшелер болып сайланды, деп хабарлайды Утро.ру.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жаңа үш мемлекет қабылданды

Гватемала 193 дауыстан 191 дауыс жинады. Пәкістан Қырғызстаннан асып, қажетті ең төменгі 129 дауысқа ие болды. Ал Марокко үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының 151 мүшесі қолдап дауыс берді.

Осы жылдың соңында Шығыс Еуропадан үміткерлер үшін дауыс берудің екінші сатысы өтеді. Оған Әзербайжан, Словения мен Венгрия қатысады.