БҰҰ қауымдастығының халықаралық қорларымен байланысқа дәнекер болғым келеді - Ә.Садықова
АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының қатары "Алтын көпір" қоғамдық қорымен толықты.
"Мен 15 жылдан бері БҰҰ қауымдастығы аясында құрылған бірнеше елдегі түрлі халықаралық қорлардың жұмысына атсалыстым. Сонда атажұртқа оралғанда осындай қорымыз болса екен деп армандадым. Аңсаған арман орындалады екен. Енді ол жүзеге асып отыр. Қор адамдардың физикалық, эмоциялық мұқтаждарын толықтыруға бағытталған бағдарламаларды орындайды. Оның мақсаты келешекте шет мемлекеттердегі халықаралық қорлармен араласып, ондағы озық тәжірибе мен жаңа технологияларды Қазақстанға таратуға ықпал ету", - дейді қор директоры Әлима Садықова.
Өзбекстанның Ташкент облысы Бостандық ауданында өмірге келген Алима Маханқызының айтуынша, Қазақстанға келіп жатқан оралмандардың 60 пайызын Өзбекстаннан келгендер құрайды. Қазір бұл көрші елде ресми статистика бойынша 1,5 миллионға жуық, ал бейресми дерек бойынша 2 миллион қазақ тұрады. Олар негізінен Бостандық ауданында шоғырланған. Ондағы қазақтардың үлесі 90 пайызды құрайды. Бұдан бөлек Зарафшанда, Жизақта, Ташкентте және өзге де бірнеше облыстар мен Қарақалпақстанда қоныс тепкен. Көпшілігі елге қайтқысы келеді. Бұл әр адамның өз қалауы мен еркі бойынша жүзеге асатын іс. Онда ешкім оларға кетіңіз деп отырған жоқ. Ә.Садықованың сөзіне қарағанда, "Жалпы атажұртқа оралғандағы қиындықты қиыншылық деуге болмайды. Өйткені ол өз еліміз, өз жұртымыз. Өзбекстандағы қазақтардың атажұртқа оралуына онда қандай да бір кедергі болғанын айтқан сол елден келген адамды ол әлі кездестірмеген».