БҰҰ КХДР-да адамзатқа қарсы қылмыс фактілерін ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Солтүстік Кореяда адам құқықтары бұзылуын тексеру жөніндегі комиссиясы елде адамзатқа қарсы қылмыс жасалуы фактісін анықтады, деп хабарлады Утро.ру.
Жарты жылға жуық уақыт тексеру нәтижесімен халықаралық ұйымның өкілдері КХДР аумағында адамдарды «жою», Оңтүстік Корея мен Жапония аумақтарынан адамдарды күштеп әкелу сияқты фактілерді қуаттайтын бірқатар фактілерге кез болды.
Бұл туралы комиссияның ресми баяндамасында айтылған, бұл құжат дүйсенбі күні ұсынылады. Associated Press -тің хабарлауынша, американдық билік өкілі де БҰҰ комиссиясының қорытындылары туралы ақпаратты қуаттаған.