БҰҰ кірген 2013 жылды Су ресурстары саласындағы дүниежүзілік ықпалдастық жылы деп жариялады
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 2013 жылды Тәжікстан (2010 жылы) көтерген ұсыныс бойынша,
Су ресурстары саласындағы дүниежүзілік ықпалдастық жылы деп жариялады. Бұл туралы РБК хабарлады.
2013 жылдың 26-31 тамызында Стокгольмде ЮНЕСКО мен «БҰҰ - Су ресурстары» бөлімшесінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік су апталығы өтеді.
Айта кетейік, сарапшылардың бағалауынша, бүгінгі күні Жер шарындағы 3 млрд. адам ішуге жарамды судың тапшылығын көріп отыр және бұл сан 2050 жылға қарай әлем халқының саны 9 млрд. адамға жетеді деген болжамдарға қарағанда, тек өсе түседі.