БҰҰ ҚК мүшелері Сирия келіссөздерінде Астана процесін жоғары бағалады
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сириядағы дағдарысты реттеуде халықаралық қоғамдастық пен БҰҰ-ның күш-жігерін, оның ішінде Астана процесі аясындағы қадамдарды жоғары бағалады. Қабылданған қарарда Астана форматындағы келіссөздер ұсталған адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың тез арада босатылуына, сондай-ақ қайтыс болғандардың мәйітін тапсыруға, жоғалған адамдарды анықтауға елеулі үлес қосатыны атап өтілген.
Қарарға сәйкес, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның гуманитарлық жасақтары мен оның орындаушы серіктестері үшін қауіпсіз әрі кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз етуді талап етуде. Осы орайда, барлық сұралған аудандарға және халықтың барлық топтарына дәрі-дәрмектер мен хирургиялық жабдықтарды тұрақты жеткізуге тиісті жағдайды жасау қажеттігі ескерілген.