БҰҰ «Климатты өзгертудің жаһандық апталығын» жариялады

НЬЮ-ЙОРК.   Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -   Біріккен Ұлттар  Ұйымы ағымдағы аптаны  «Климатты өзгерту жөніндегі  жаһандық апталық»  деп  жариялады.

БҰҰ  «Климатты  өзгертудің  жаһандық апталығын»  жариялады

Бұл шара 2009 жылдың   желтоқсан  айында Копенгагенде  өтетін БҰҰ-ның Климатты  өзгерту  жөніндегі конференциясында келісімдерге  қол жеткізуге    қолдау     болмақ.

 Қыркүйектің 21-25-і аралығында өтетін   қоршаған ортаны қорғауды  насихаттау жөніндегі     іс-шараларға    120-дан  астам ел  қатысады.   БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун   халықтарды климатты  өзгерту  жөніндегі   «әділ,   тең құқылы және тиімді» келісімдерге қол   жеткізу  жөніндегі    өз ниеттерін  ел басшыларына осылайша білдіруге   үндеді.  

 Копенгагенде әлем   елдерінің басшылары     1997 жылғы Киото   хаттамасын  алмастыратын жаңа келісімшартты  талқылайтын  болады.

 Әлем  басшыларына  арналған   үндеуге   қол  қойғысы келетіндер   БҰҰ-ның  Қоршаған ортаны қорғау  жөніндегі   бағдарламасының  веб-сайтына - http://www.sealthedeal2009.org/ - кіріп, өз   қолтаңбасын   қалдыра алады.