БҰҰ конференциясы: Мәжілістегі әйел депутаттар гендерлік теңдікті талқылады
«Орталық Азия мен Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін әйелдер парламентшілерінің серіктестігі» тақырыбында өткен семинарды Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша БҰҰ Аймақтық Орталығы ұйымдастырды.
Жиын барысында депутаттар гендерлік теңдікті ілгерілетудің негізгі қағидаларымен, Орталық Азия мен Ауғанстан парламенттеріндегі әйелдердің өкілдіктерімен, олардың әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы 1325 резолюциясын жүзеге асырудағы рөлімен танысты. Бұл 2000 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі шиеленістерді болдырмау, бітімгершілік және қауіпсіздік процестеріндегі әйелдердің белсенді рөлін кеңейту мақсатында №1325 – «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» резолюциясы қабылданған.
Сонымен қатар, жиында депутат әйелдердің жұмыс барысы және олардың мемлекеттік саясатқа әсері толығырақ талқыланды. Сондай-ақ, семинарда мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен серіктестік байланыс орнату мәселелері қаралды.