БҰҰ коронавирус індетін супер таратушы елді атады
БҰҰ-ның Мьянмадағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Том Эндрюстың мәлім етуінше, елде коронавирус індеті жылдам таралып жатыр.
Елдегі соңғы уақытта туындаған келеңсіз жағдайлар COVID-19 эпидемиясының бүкіл аймаққа таралу қаупін тудырып отыр.
Ақпан төңкерісінен бері Мьянмада вакцинация бағдарламасы іске аспауда, халық тестілеуден өткізілмейді және дәрігерлердің ереуіліне байланысты ауруханалар жұмысы тоқтап қалды.
Сондай-ақ ұйымның арнайы баяндамашысы Мьянмадағы дәрігерлердің ереуілге шыққанын, олардың мемлекеттік ауруханаларда жұмыс істеуден бас тартатынын, қысым мен қоқан-лоққыларға ұшырап, адамдарды жасырын түрде емдеуге мәжбүр болғандықтарын атап өтті.
Қазіргі таңда Мьянмада халық медициналық оттегіге, крематориялар мен мәйітханаларға кезекте тұр.