БҰҰ мәліметтері бойынша, сел тасқыны салдарынан Пәкістанда 4 миллиондай адам баспанасыз қалды

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Ел тарихында бұрын-соңды болмаған сел тасқынының салдарынан 4 миллионнан астам пәкіастандық баспанасыз қалып отыр. Бұл туралы бейсенбі күні британдық ВВС радиостансасы БҰҰ деректеріне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Осылайша, БҰҰ-ның бұған дейінгі есептеулерімен салыстырғанда, Пәкістанда сел тасқыны салдарынан үйсіз қалғандардың саны екі есеге артып отыр.

«Қалыптасып отырған жағдай Пәкістанға халықаралық көмек көрсету жөніндегі «маңыздырақ күш-жігерді» талап етеді, дейді БҰҰ өкілдері. Табиғи апаттар елдегі әлеуметтік жағдайды одан бетер ушықтырып отыр, дейді британдық БАҚ өкілдері.

Соңғы жаңалықтар