БҰҰ мамандары балықтың басын жеу керектігін алға тартуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұрттың көбі балықты тағамға пайдаланар алдында оның басын лақтырып жібереді.
None
None

Осы орайда балық бастары мен құйрықтары мал азығына қайта өңделеді немесе теңізге тасталады. БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруышылығы ұйымы аталған өнімдерді қоқысқа лақтыру ысырап екенін мәлім етті.

Мамандардың пайымынша, балықтың басы мен сүйектері нарығын ауқымды көлемде дамыту үшін көптеген ынталандырушы бағыттар бар.

Атап айтқанда, балықтың сүйектері мен шеміршегі және майы өте құнарлы болғандықтан, құрамында көптеген дәрумендер бар. Оны тағам ретінде пайдалану арқылы адамдар осы қалдықтарды қайта өңдеуден келтіретін залалды қысқарту есебінен қоршаған ортаға пайдасын арттырар еді, деп жазады Росбалт.

Соңғы жаңалықтар