БҰҰ мен Интерпол лаңкестікпен күресуде халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуде

НЬЮ-ЙОРК. Қазанның  8-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -   Біріккен Ұлттар Ұйымының  Есірткімен  және   қылмыспен күрес  басқармасы    Қылмыстық полицияның   халықаралық    ұйымымен (Интерпол)      және   «Diplofoundation»  коммерциялық емес  ұйымымен     бірлесіп, 

БҰҰ мен Интерпол    лаңкестікпен күресуде   халықаралық    ынтымақтастықты  ілгерілетуде

лаңкестікпен күресудегі ынтымақтастық мәселелерінде техникалық  көмек көрсету үшін   6 апталық  он-лайн   курсын  бастады.

 Лаңкестік  шекара талғамай  отырған  қазіргі   заманда,  қылмыскерлер де    бір елден екінші елге      көшіп,    қылмыстық әрекеттерін тоқтатпауда.    Соның нәтижесінде,  бірде-бір мемлекет лаңкестікке    жеке-дара қарсы   тұра алмайды.      Елдер арасындағы   осы саладағы ынтымақтастықты  нығайту мақсатында         арнайы курс   әзірленіп  отыр.   Он-лайн режімінде  жұмыс істейтін бұл  курс    халықаралық  кооперацияға  жұмылдырылған   адамдарды    оқытудың   сапалық деңгейін  қамтамасыз  етеді.

 Бағдарламаға әлемнің 45 елінен  50 адам қатысуда.  Курс   лаңкестік әрекеттердің алдын алу,    полиция  органдарының арасында ақпарат  алмасу,    қылмыстық  істерді  жүргізуде  заңгерлік көмек көрсету,       қылмыстық  істерді тексеру  және лаңкестерді  экстрадициялау шаралары  сияқты    мәселелерді  қамтиды.