БҰҰ «Мэтью» дауылынан зардап шеккен кубалықтарға көмек көрсетпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы арқылы Кубаның соңғы аптада «Мэтью» дауылынан зардап шеккен 180 мың тұрғынына көмек көрсетілетін болды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Халықаралық ұйым табиғаттың дүлей күші ең көп қиындық келтерген 4 провинцияның тұрғындарына азық-түлік алу үшін 4 млн доллар бөледі. Тұрғындарға көмеу көрсету мәселесі Куба билігімен келісілген. Енді арал тұрғындарына өздері ең көп тұтынатын күріш пен фасоль мол көлемде жеткізіледі.

Азық-түлік табиғи апаттардан сақтану мақсатында Куба қоймаларына алдын ала жеткізілген. Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы арқылы сонымен қатар шығыс аймақтағы Ольгин провинциясының аз қамтылған топтарына да қолдау көрсетіледі. Олардың арасында жүкті әйелдер мен балалар, қарттар бар.

Қазіргі таңда аралдағы мемлекеттің билігі дауылдан келген шығының мөлшерін есептеуде.

Соңғы жаңалықтар